Туған жеріміздің тарихи-мәдени мұрасы – бұл орны толмас құнды рухани, экономикалық қазына. Ақмола облысының көне және ортағасырлық ескерткіштерін зерттеу бойынша облыстық арнайы бағдарлама жасақталды.⠀
⠀
2020-2021 жылдары Акмола облысы мәдениет басқармасының, Ақмола облысы әкімдігі қолдауымен Жақсы және Қорғалжын аудандары аумағында орналасқан Баубек батыр қорымы, Жәнібек — Шалқар кесенесі мен Бытығай кешендерінде ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілді. ⠀
⠀
Бұл жұмыстардың басты мақсаты ескерткіш археологиялық қазба жасай отырып, пәнаралық байланыстар негізінде зерттеулер жүргізуге негізделген. Археологиялық зерттеулерді жүргізуде Қазақстан Республикасын Ұлттық музейінің ғылыми қызметкерлері, Ақмола облыстық тарихи өлкетану музейінің қызметкерлері, Жақсы ауданындағы Запорожье орта мектебінің директоры және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері мен басқа да мамандар қатысқан ғылыми топ жұмыс жасады. Сонымен қатар бірқатар жекелеген сала мамандарының көмегімен геоақпараттық және жаратылыстау ғылымының жетістіктері арқылы қорытындылар алуға қол жетті. ⠀
⠀
Ақмола облысының ескерткіштері бойынша жоғарыда аталған ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері ықшамдалып, қысқаша ақпараттық, ғылыми-танымдық сипаттағы «Ақмола облысының мәдени мұралары: жаңа зерттеулер» ғылыми-танымдық басылымы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында көпшілік назарына ұсынылып тұр. ⠀
⠀
Іс-шара барысында Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова, жоба қатысушылары PhD докторы, археолог Қасеналин Айбар Ерланұлы, докторант, археолог Тілеуғабулов Данияр, докторант, археолог Сырым Есен сөз сөйледі.