Домой Мнение Мнение редакции Ақмола облысында өрт сөндірушілер зейнеткерді құтқарды

Ақмола облысында өрт сөндірушілер зейнеткерді құтқарды

359
0

Сандықтау ауданының 17-ӨСБ-не Балкашино ауылы Абай көшесі мекенжайы бойынша 80 шаршы метр алаңда жеке тұрғын үй шатырының өртенгені туралы телефон хабарламасы келіп түсті, — деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Шақырту орнына ТЖД күштері 8 қызметкер мен 2 бірлік техника дереу жіберіліп, өрт сөндіру барысында 1940 жылы туған зейнеткер құтқарылды. Өрт сағат 11-07-де ауыздықталып, сағат 11-30-да жойылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді. Өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтау Сіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтай алады. Өрт шыққан жағдайда дереу «101»және «112» қызметінің телефондарына қоңырау шалыңыз.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму