Ақмола облысында бағаны тұрақтандыру бойынша қандай жұмыстар атқарылуда

Ақмола облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ақпараты бойынша, бизнес субъектілері арасында бағалардың алыпсатарлық өсуіне жол бермеу және көзделген жауапкершілік шаралары туралы кең түсіндіру жұмыстары жүргізілді, сауда объектілерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына күнделікті мониторинг жүргізіледі. Құқық бұзушыларға ескерту түріндегі жауапкершілік шаралары қолданылады, қайталап бұзған кезде айыппұл санкциялары көзделген.

«Азық – түлік тауарларына баға белгілеудің барлық тізбегі бойынша кәсіпорындар басшыларының қатысуымен мониторингті талдауды-Бұл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, қайта өңдеу өнеркәсібі, көтерме және бөлшек сауда саласындағы кәсіпкерлер, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған облыс әкімдігі жанындағы Комиссия жүзеге асырады. Нәтижесінде сауда желілеріне тауарларды тікелей жеткізу жолға қойылып, өнімсіз делдалдардың буындары алынып тасталады», — деп атап өтті ведомствода.

Облыс орталығында өңірлік тұрақтандыру қорынан және «KOKSHE» ӘКК төрт әлеуметтік дүкені арқылы жасалған шарттар шеңберінде тауарларды жеткізу және сату тұрақты жүзеге асырылуда.

Бұдан басқа, кәсіпкерлерге азық-түлік тауарларының 9 түрі бойынша 1,6 млрд.теңгеге жеңілдікті кредиттер берілді. Облыстың тұрақтандыру қорына 3 мың тоннадан астам тауар сатып алынды, тағы 6 мың тоннаға жуық келісімшарт жасалды.

Ауа райы жағдайларын ескере отырып, облыс өңірлерінде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу қайта жаңғыртылатын болады.

Қабылданып жатқан шаралар Мемлекет басшысының инфляцияны тежеу жөніндегі тапсырмасын орындауға мүмкіндік береді. Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар тауарларға баға индексі облыс бойынша 0,2 пайызды құрады, бұл орташа республикалық көрсеткіштен (0,3 пайыз) төмен және ол бойынша облыс республика бойынша 6-орында тұр.

Яндекс.Метрика