Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов өңірде үшінші тоқсан қалай өтетіні туралы айтып берді. Мәселен, «дистанционкаға» 45 мектеп қана көшті, себебі ондағы оқушылар саны 600-ден асады, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.
Елдегі төтенше жағдайға байланысты үшінші тоқсан 17 қаңтарда басталды.
«Облыстық және аудандық орталықтардың 600 — ге жуық оқушысы, сондай-ақ ауылдық мектептер штаттық оқыту форматында жұмыс істейді», — деді Бейбіт Жүсіпов.
Бұл ретте, 600 – ден астам оқушысы бар облыстық және аудандық орталықтардың мектептерінде 1-ден 5-сыныпқа дейін жұмыс штаттық оқыту форматында, ал 6-дан 11-сыныпқа дейін қашықтықтан оқыту форматында жалғастырылады.
Мектептегі үйірме және секциялық жұмыстар да жалғасады.
«Арнайы, мамандандырылған, мектепке дейінгі, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының жұмысы штаттық режимде жалғасатын болады», — деп толықтырды спикер.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында сабақ 24 қаңтардан басталады.
«Облыстың барлық колледждері сабақтарды аралас форматта, дәрістер онлайн форматта, ал зертханалық, практикалық, семинарлық сабақтар штаттық режимде өтетін болады», — деп түйіндеді Бейбіт Жүсіпов.
Айта кетейік, 100% вакцина алған студенттер тобы штаттық негізде оқитын болады. Бұл шамамен бес мың студент.