Алматы әкімі Досаев феминистердің шеруге шығуына рұқсат берді.
⠀Биыл 8 наурызда Алматыда фемшеру өтеді. Бұл туралы әкімдіктің рұқсатын алған оның ұйымдастырушылары мәлімдеді. Бұған дейін бұрынғы әкім Сағынтаев феминистерге бұл акцияны өткізуге тыйым салған болатын, деп хабарлайды kznews.kz тілшісі ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.⠀
⠀
7 ақпанда Алматы феминист белсенділері 8 наурызда Әйелдердің феминистік маршын өткізуге қайта сұраныс жасады. Бұл жолы сұранысты Жанар Секербаева мен Мира Унгарова өткізді.⠀
8 Наурыз маршын ұйымдастырушы құрамында Фариза Оспан, Лейла Зулейха Махмудова, Татьяна Чернобиль, Мира Унгарова, Гүлзада Сержан мен Жанар Секербаева (Қазақстандық феминист бастама “Феминита”), Елена Иванова (“FemPoint”), Жамиля Қасымхан мен Арина Осиновская (“КазФем”) бар. Ақпанның 9-ы күні олар Алматы әкімдігінен жауап алып, онда шеру өткізу туралы келісімге келді. Бұл туралы Feminita.kz қозғалысының мүшелері Instagram желісіндегі парақшада жариялады.⠀
⠀
«Биыл марш тақырыбы әйелдердің мемлекет басқару ісіне қатысуы болады. 1990 ж бері Қазақстан әйелдердің мемлекет басқару ісіне қатысу деңгейін (мәслихаттар, әкімшіліктер, министірліктер, мәжіліс, сенат және басқа да мемлекет басқару институттарда) 30 пайызға жеткізе алмай келе жатқаны белгілі. Бұл жағдай тек қана әйел құқығын қорғаушылар мен кризистік орталық басшылары кеңінен талқылап жүрген гендерлік зорлық-зомбылық мәселесін ғана туғызып қоймайды, сонымен қатар көпбалалы аналар, әйелдердің ауыр экономикалық жағдайы, саяси қуғын көрген әйел, жалғызбасты әйел, АИТВ бар әйел, наркотик қолданушы әйел және басқа да көптеген әйелдердің осы заманда басына түскен ауыр мәселелерін туғызып отыр», — делінген хабарламада.⠀
⠀
Феминистік шеру туралы хабарлама 2021 жылдың қараша айының соңында жіберілген. Бұдан кейін әкім Сағынтаев шеру ұйымдастырушылары белгілеген уақытта жоспарланған шараға сілтеме жасап, бейбіт наразылық акциясына тыйым салған болатын.⠀