14 ақпан — Халықаралық Кітап сыйлау күні. Ол әлемнің 40-тан астам елінде аталып өтіледі. Бұл мереке кітапты өзі сүйіп қана қоймай, оны өзге адамдарға оқуға мүмкіндік беретіндердің барлығын біріктіреді.
Адамдар кітап сыйлықтарымен әдетте достарымен, туыстарымен бөлісіп, кітаптарды кітапханалар мен мектептерге таратады.
Бұл мереке «Ақмола облысының орыс қауымдастығы» ҚБ үшін де дәстүрге айнлған, бұл жолы олар Көкшетау қаласының Балалар көркемсурет мектебіне барды. Қоғамдық бірлестік төрағасы А.А. Артеменко және Көкшетау
қалалық Аналар кеңесінің мүшесі Н.В. Замолоцких балаларға Көркем сурет шеберлерінің репродукциялары мен әңгімелері бар кітаптар сыйлады.
Өз кезегінде жас суретшілер орыс қауымдастығына әдемі сурет сыйға тартты. Акция ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев жариялаған Қазақстандағы балалар жылы аясында өтті.