Тоқал алу дәстүрін жаңғырту керек пе? Бір еркектің бірнеше әйелмен отбасы құрғаны дұрыс па ? Бұл сұрақтар қоғамда, әлеуметтік желіде, әсіресе асханада қызу пікір-талас тудырады. ⠀
20 ғасырға дейін қазақ халқында көп әйел алу кең тараған құбылыс болатын. Бүгінгі күнде Қазақстанда ол заңсыз болғандықтан, бірқатар депутаттар оны заңдастыру бойынша ұсыныстар мен заң жобасын еңгізгісі келді, бірақ парламент оған жол бермеді.⠀
⠀
Көп әйел алуға қарсы шыққандар мұндай тәжірибе қоғам үшін қауіпті деп санап, әйелдерге қарсы дискриминация деп атады. ⠀
⠀
Полигамияны заңдастыруды мақсат еткен белсенділер, дінге жүгінді: шариғатта еркектің бірнеше әйелмен тұруына жол беріледі. Оған қоса олар елдегі демография мәселесін еркек бірнеше әйелмен отбасы құрса ғана шешуге болады деген пікірде. Сонымен қатар, отырып қалған, ажырасқан және жесір қалған жалғыз басты қыз- келіншектерге тұрмыс құруға мүмкіндік беретін тиімді жол деп санайды.⠀
⠀
Тарихқа үңілсек, қазақ халқында әмеңгерлік деген ұғым болған, әмеңгер деп қайтыс болған туған ағасының немесе інісінің жесіріне үйленген адамды айтады. Бұл жағдайда жесір әйел панасыз қалмайды, ал баласы өз ағайын-туыстары мен туған әулетінде өскен.⠀
⠀
Біз Көкшетаулықтардан тоқал алу дұрыс па бұрыс па деген сұраққа жауап іздедік, қоғамның басым көпшілігі көп әйел алуға қарсы болып шықты. ⠀
⠀
Әрине, бұл мәселені қолдайтындар да бар. Көкшетау қаласының тұрғыны үш әйелден алты бала сүйіп отыр, оның пікірінше, әйел саны көп, еркек аз, сондықтан қыз келіншектер мейірімсіз қалмау үшін, бірнеше әйел алған дұрыс. ⠀
⠀
Естеріңізге сала кетейік, бірнеше жыл бұрын белгілі психолог Серікгүл Сали өзінің журналист Нартай Аралбайұлының ютюб арнасына берген сұхбатында, елімізде бір әйел бірнеше еркекпен заңды түрде қосылуына рұқсат берілуі керек деп айтты. Оның пікірінше, бір еркек отбасын асырауға шамасы болмауы мүмкін.⠀
⠀
Жалпы, елімізде көп әйел алу деген ұғым заңды түрде жоқ, сондықтан отбасы кодексіне жүгінсек, егер де некеде тұрған адам басқа адаммен тағы бір неке тіркегісі келсе, мұндай одақ заңсыз болып саналады. ⠀
⠀
Бірақ, бұған қарамастан, бұл үрдіс жүзеге асып жатыр, елімізде тоқал алып, екінші, тіпті үшінші отбасы құрып жатқан азаматтар баршылық. ⠀
⠀
⠀
Қымбатты оқырман, көп әйел алу дәстүрін жаңғырту керек пе? ⠀
⠀
Бір әйел бірнеше күйеумен отбасы құрғаны дұрыс па ? ⠀
⠀
Өз пікіріңізбен бөлісіңіз. ⠀
⠀
Алма Байгужина ⠀
Илья Шакиров ⠀
К_АЗИЯ