Домой Новости Кокшетау Көкшетаулық ақын «BOLASHAQ SARAIY» сарайына арнап әнұран жазды

Көкшетаулық ақын «BOLASHAQ SARAIY» сарайына арнап әнұран жазды

232
0

Жергілікті ақын Бақыт Мұхамедрахимова Көкшетау қаласының «Жұлдыздар» үлгілі вокалды студиясымен бірлесіп «Bolashaq Saraiy» атты әнұраның балалар мен жасөспірімдерге арнады.

Бүгінгі таңда «Bolashaq Saraiy» балалар мен жасөспірімдер сарайы базасындағы «Жұлдыздар» вокалды студиясында жүзден астам көкшетаулық бала шығармашылығын шыңдап жүр. Студия ұжымы — түрлі сахналарда танымал көшбасшы, бірнеше дүркін лауреат, көптеген облыстық, республикалық, халықаралық фестивальдар мен конкурстардың жеңімпазы. 1995 жылдан бастап студия көптеген жұлдыздарды шығарды.

«Bolashaq Saraiy» әнұранын алдағы уақытта вокалдық студияның тәрбиеленушілері түрлі байқаулар мен концерттерде орындамақ.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму