Домой Новости Кокшетау Көкшетаудағы Юрий Гагарин атындағы 245 орындық балабақша

Көкшетаудағы Юрий Гагарин атындағы 245 орындық балабақша

932
0

Ел тәуелсіздігінің 30жылында мектепке дейінгі білім беру саласына ерекше көңіл бөлінді. Жаңадан балабақшалар бой көтеріп, материалдық техникалық база нығайтылды. Сондай мекемелердің бірі – Юрий Гагарин атындағы 245 орындық балабақша.

Балабақша іші сары түске оранып, көздің жауын алады. Берекелі мезгіл «Алтын күз» мерекесін тойлауда.Бүлдіршіндердің көңіл – күйі ерекше. Себеттерін түрлі жемістермен толтырып, жарыса өлең айтып, ән шырқауда.

Балабақша бағыты – көркемдік – эстетикалық. 11 топ жұмыс істейді. 4 топ мемлекеттік тілде болса, 7-жетеуі орыс тілді топтар. Барлығы 30 педагог еңбек етеді.

Мұнда жаңаша педагогикалық әдістер қолданылады. Атап айтар болсақ, тәрбиешілер көптілді білім беру, «Фребель сыйлықтары», «Құм терапиясы», «Воскобович әдістемесінің» элементтерімен жұмыс істейді.

Балабақша педагогтары түрлі байқаулардың жеңімпазы. Тәрбиеленушілер де әрдайым түрлі шараларға белсене қатысып, шығармашылықтарын шыңдап жүр.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму