Домой Новости Кокшетау Көкшетауда «Қазақ батыры» спорт кешені ашылды

Көкшетауда «Қазақ батыры» спорт кешені ашылды

521
0

Тәуелсіз 30 жылда Ақмола облысында 100-ге жуық спорт ғимараттары мен алаңдары ашылып, бұқараға қызмет етуде. Соның бірі бизнестің әлеуметтік серіктестігі аясында Көкшетау қаласында есігін айқара ашты.

«Қазақ батыры» спорт кешенінің ішіндегі бірнеше залда бір мезетте жүздеген ұл-қыздар жаттығып, бұқаралық спортқа бет бұрыс жасайды. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы тойланып жатқан кезеңде пайдалануға берілген ғимараттың лентасын қиған облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова жерлестеріміздің алдағы уақытта да спорттық жетістіктерге кеңелуіне, осынау нысанның қызмет ететіндігіне сенім білдірді. Жасөспірім спортшылардың жаттығу сәтін тамашалаған жұртшылық өкілдері заманауи құралдармен жарақтанған кешеннің ішінде тер төгіп жатқан ұландарға жекпе-жек өнерінде өрлеу тіледі.

Бұл спорт залын салуды бапкерлер ұзақ жылдары армандап, енді жүзеге асырды.

Центральный шағын ауданда бой көтерген «Қазақ батыры» спорт кешені көкшетаулықтарға мінсіз қызмет көрсететін болады. Онда жекпе-жек өнері, өзге де спорт түрлерімен айналысушыларға барлық жағдай жасалған.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму