Домой Новости Кокшетау Көкшетау темір жол вокзалының базасында жаңа мұражай ашылды

Көкшетау темір жол вокзалының базасында жаңа мұражай ашылды

869
0

«Өмір — қымбат». Осындай атаумен Көкшетау темір жол вокзалының базасында жаңа мұражай ашылды.  Онда ел егемендігінің 30 жылда жеткен жетістігі мен бағындырған белестері жайлы сыр шертетін құнды жәдігерлер қойылған.

Мұражайда мыңға жуық жәдігер сақталған. Бұл көлік полициясы тарихының әртүрлі кезеңдерінде қызмет еткен ардагерлердің фотосуреттері, қызметтік заттары.

Тәуелсіздіктің бұл салаға тигізген пайдасыда орасан. Себебі, егемендік алған тұста Қазақстан желілік полициясы жаңаша тыныс алып, дамый түсті. Осы салаға келген кез-келген жас маманды алдымен желілік полицияның тарихымен танысады. Ал, негізгі тарихтың барлығын осы мұражайдан табуға болады.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму