Сатылымда сыртқы және аяқ киімдер бар. Ұйымдастырушылар сапалы өнімдерді қолжетімді бағада ұсынуда. Жәрмеңке Қазақстанның көптеген қалаларында ұйымдастырылып, тұтынушылардың жоғары бағасын алған.
Бүгінде сапалы әрі ыңғайлы аяқ киім табу машақат. Себебі, тұтынушылардың талабы мен талғамы да әртүрлі. Біреуі жұмсақ табанды аяқ киім іздесе, енді бірі биік өкшеліге құмар. Ал, Беларусь өндірушілерінің өнімдері сатып алушылардың барлық талаптарына сәйкес келеді.
Минск мен Витебскідегі ең жақсы зауыттардан шыққан ерлер мен әйелдер аяқ киімдері ыңғайлы әрі жоғары сапасымен танымал. Әйелдер аяқ киімінің өлшемі 35 — тен 43-ке дейін болса, ерлердікі-40-тан 49-ға дейін.
Жәрмеңке «Истоки» мәдениет үйінің ғимаратында өтіп жатыр. Күн сайын таңертеңгі сағат 10-нан кешкі жетіге дейін қалаған етігіңіз бен сыртқы киімді дәл осы жерден таба аласыз. Жәрмеңке 27 желтоқсанға дейін жалғасады.