Көкшетау қаласындағы «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушылары ХІІІ Еуразиялық олимпиаданың жеңімпаздары атанды. Олимпиада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдері арасында информатика бойынша Алматы қаласында өтті.
Олимпиада білім беру саласындағы үкіметаралық келісімдер негізінде ұйымдастырылды. Жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың, дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары арасында ағылшын және орыс тілдерінде өткізілді.
Олимпиада қорытындысы бойынша Көкшетау қаласындағы «Білім-инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушылары Руслан Ибадуллаев пен Аян Қарабаев ІІІ дәрежелі дипломдарға ие болды. Руслан Ибадуллаевтың марапат қоржынында-бұл бірінші жеңіс емес.
Аян Қарабаев мақсатқа жету үшін жан-жақты даму керек екенін атап өтті.
Көкшетау қаласының «Білім–инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушылары облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі олимпиадаларда өз білімдері мен дағдыларын бірнеше рет көрсетті.