Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Парламенті жанындағы сенаторлар Кеңесі төрағасының орынбасары Бірғаным Әйтімова атындағы кабинет пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына университеттің оқытушылық-профессорлық құраммен қатар студенттер де қатысты.
Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің Халықаралық қатынастар кафедрасы тағы бір аудиториямен толықты. Ол мемлекет және қоғам қайраткері, Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Бірғаным Әйтімованың құрметіне аталған.
Бұл университетте ашылып отырған осындай екінші аудитория. Кабинет интерактивті тақтамен және ғылыми еңбек, жинақтармен жабдықталған. Шағын мұражай іспетті. Салтанатты шарада университеттің құрметті профессоры Анатолий Башмаков сөз сөйлеп, факультеттің барлық ұжымына табыс тіледі.
Университет оқытушыларының пікірінше, көрнекті қайраткердің еңбегі студенттер үшін үлгі болары сөзсіз.