Домой Новости Кокшетау Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде «Ашық есік» күні өтті

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде «Ашық есік» күні өтті

629
0

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде «Ашық есік» күні өтті. 2008 жылдан бері А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін 20 мыңға жуық түлек тәмамдап, жас маман иесі атанған. Олар үшін жыл сайын университет қабырғасында түрлі бағыттағы кездесу ұйымдастырылады.

«Ашық есік күні» түлектер оқу орнының базасымен танысты. Қазіргі уақытта жоғары оқу орнында  50 зертхана және мамандандырылған 90-ға тарта кабинет жұмыс істейді.

Осындай кездесулер студенттер мен түлектердің бір-бірімен тәжірибе алмасып, мотивациялық алаң құруына септігін тигізеді. Алдағы уақытта болашақ түлектерді жұмыспен қамту мәселесі де қарастырылады.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму