Ақмолалық энергетиктер кәсіби мерекелерін атап өтті

Сала мамандарының құрметіне облыс орталығында салтанатты іс-шара өтті. Онда «Көкшетау Энерго»серіктестігінің үздік қызметкерлері марапатталды. Компанияның жетекші өндірістік қызметтеріне автокөлік кілттері табысталды.

Биыл облыс бойынша таратылған электроэнергия көлемі 1 млрд. 400 млн. килловат-сағатқа жеткен. Ал былтыр бұл көрсеткіш 1 млрд. 247 млн. болған. Яғни, өсім – 12 процент. «Көкшетау Энерго» кәсіпорыны Ақмола өңірімен қатар Солтүстік Қазақстан облысында да қызмет көрсетеді. Пандемия тудырған түрлі қиындықтарға қарамастан, мекеме қызметкерлердің жалақысын көтеріп, материалдық-техникалық базасын жаңартқан.

Энергетика – экономиканың басым бағыттарының бірі. Сондықтан да кәсіби мереке қарсаңында энергетиктерді  құттықтауға салалық министрліктен бастап, кәсіподақ ұйымы мен облыс әкімдігі асықты.

Мекеменің 150-ге жуық қызметкері Президент Әкімшілігі мен Энергетика министрілігінің ең жоғарғы мадақтамаларына ие болды.

Яндекс.Метрика