Домой Новости Кокшетау Ақмолалық актерлер түрлі жастағы балаларға арналған жаңа жылдық бағдарлама дайындады

Ақмолалық актерлер түрлі жастағы балаларға арналған жаңа жылдық бағдарлама дайындады

275
0

Биыл Ақмола облыстық орыс драма театрының актерлері балаларға арналған жаңа жылдық қойылымды төрт сахнада дайындады. «Арт-платформа», «Киндер театры», «Ертегілер планетасы»залы және «Аяз ата резиденциясында» өткен спектакльдер кішкентай көрермендердің көңілінен шықты.

Ақмолалық актерлер түрлі жастағы балаларға арналған жаңа жылдық бағдарлама дайындады. Әрине, санитарлық талаптардың барлығы сақталып, орындардың саны да шектеулі.

Биыл Аяз атаның резиденциясы Арт-кеңістікке ауысып, бүлдіршіндер үшін арнайы квест ұйымдастырылды. Бұл кеңістіктің ерекшелігі-әр отбасыға назар аударылып, көңіл бөлінеді. Мұнда бала мен Аяз Ата жеке кездесе алады.

Биыл карантиндік шараларға байланысты жаңа жылдық бағдарламаларға тыйым салынған болатын. Алайда бұл мерекеде әлеуметтік қашықтық пен санитарлық талаптар толықтай сақталған.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму