Ақмола облысы аумағында «Жасөспірім» акциясы басталды

Кәмелетке толмағандардың өздерінің қылмыс жасауының және балалар мен жасөспірімдерге қатысты қылмыстың жасалуының алдын алу және жолын кесу, олардың қауіпсіз жүріс-тұрысының алдын алу мақсатында 9-12 маусым аралығында Ақмола облысы аумағында «Жасөспірім» акциясы өткізіледі деп Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі хабарлайды.

Іс-шара аясында ювеналды полиция қызметкерлері жастар көп жиналатын жерлерде рейдтік тексерулер ұйымдастырды. Полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде және ойын-сауық мекемелерінде болу, жасөспірімдерге алкоголь өнімдері мен темекі бұйымдарын заңсыз өткізу, олардың алкоголь ішімдіктерін ішу фактілерін анықтауға назар аударады.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандарды еңбекке заңсыз пайдалану фактілерін анықтау бойынша рейдтер жүргізеді, ал су айдындарында қауіпсіз жүріс-тұрыс мақсатында және балалардың қаза болу жағдайларының жолын кесуде тәртіп сақшылары алдын алу іс-шараларын ұйымдастырды.

Ювеналды полиция қызметкерлері жазғы кезеңнің басталуымен себептері әртүрлі болатын жас балалар мен жасөспірімдермен жазатайым оқиғалардың қаупі артып келе жатқанын атап өтті.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша, 2021 жылы Ақмола облысында суға батқан кезде жазатайым оқиғалар, ЖКО, электр тоғымен зақымдану, өрт, биіктіктен құлау және басқа да жағдайлар салдарынан 27 бала қаза тапты.

Барлық қайғылы эпизодтарда кәмелетке толмағандар ересектердің қарауынсыз қалған.

Яндекс.Метрика