Ақмола облыстық орыс драма театрында ағайынды Гриммдердің шығармасы бойынша қойылған «Қасқыр мен жеті лақ» спектаклінің премьерасы өтті. Бұл ерекше қажеттілігі бар балалардың қатысуымен өткен алғашқы спектакль.
«Қасқыр мен жеті лақ» спектаклі – балғын балалық шақтың алаңсыз сәттерін еске салатын ертегі. Орыс драма театрының ұжымы мен балғындар шығарманы шебер сомдау арқылы көрермендерді күнделікті өмір қиындықтарынан бір сәт өзгеше әлемге жетеледі.
Әрбір сәби дүниеге келген күннен бастап, жаңа мүмкіндіктерге ие болады. Ерекше қажеттіліктері бар балалардың қатысуымен спектакль қою тәжірибесі сәтті шықты ,- дейді ұйымдастырушылар.
Ұйымдастырушылар алдағы уақытта мұндай спектакльдердің бірнешеуін өткіземіз деп жоспарлап отыр.