Пятница, 08 ноября 2019 16:01

Көкшетауда «Мәңгүрт» сахналанды!

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(1 Голосовать)

Театр көрерменін жаңа премьерасымен қуантты. Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық драма театрында Шыңғыс Айтматовтың "Ғасырдан да ұзақ күн. Мәңгүрт" атты антиутопиялық драманың премьерасы өтті.

Шыңғыс Айтматовтың бұл шығармасында көптеген түйткілді мәселелер көтеріледі. Жері мен суы, ауасы радияцияның кесірінен уланған Сарыөзек өлкесінің аянышты хәлі және теміржол станциясындағы бірең-сараң адамның қиын тағдыры суреттеледі. Қарт теміржолшы Едіге (рөлінде: Қайрат Мырзаболатов) марқұм досы Қазанғаптың соңғы өтінішін орындау үшін "Ана бейіті" деп аталатын көне зиратқа апарып жерлемек болады. Бірақ, ол зират тұрған жер мемлекет қарауына алынып, Қазанғапты жерлейтін жер таппай қиындық көреді. Ол аздай мемлекеттік жүйенің жоспары бойынша "Ана бейіті" де сырылып, орынына құрылыс салынатын болып шығады.

Қоюшы режиссеры Фархадбек Канафин бұл қойылымның өз қиындықтары болды дейді.

- Мәселен, көктемде екі ай дайындалып, араға түрлі себептермен ұзақ уақыт үзіліс салып, премьераға екі апта қалғанда дайындықты қайтадан бастадық. Театр актерлерінің шеберлігі мен еңбекқорлығының арқасында бәрі ойдағыдай болды, - дейді режиссёр.

Әрине, әр істің өз қиындығы болады, бұл премьера да оңай болмапты. Режиссердің айтуынша, Найман Ана роліндегі актрисаны да жүктілігіне байланысты осы жақында ауыстырыпты. Соған қарамастан Найман Ананың рөлін Рашида Ғалымова өте жақсы ойнап шықты.

Көрерменнің ықылас-пейіліне, қошеметіне бөленген театр ұжымына сәттілік тілейміз.

Мерген Тоқсанбай.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 415 раз Последнее изменение Вторник, 03 декабря 2019 16:44

Похожие материалы (по тегу)