Вторник, 05 ноября 2019 13:07

Ақын аруағына тағзым!

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(2 голосов)

Көкен Шәкеевтің туғанына 95 жыл толуына орай Көкшетау қаласының әкімдігі Көкен Шәкеев атындағы Көкшетау ақындар мектебінің шәкірттеріне он домбыра тарту етті.

"Достар" мәдениет сарайында орналасқан ақындар мектебі бұрын шағын ғана кабиенетте орналасқан болатын. Мектептің жұмысы жанданып, шәкірт саны көбеюіне орай, қала әкімдігі мектепті үлкен кабинетке көшіріп, оны толық жасақтап берді.

Жаңа кабинеттің ашылуына шәкірттердің ата-аналары мен туған туыстары, сондай-ақ ақынның қызы Зайра Көкенқыз да келіп қатысты. Бұл күнгі іс-шараның форматы да ерекше болды. Мектеп жетекшісі ақын Мұхаммед Қоңқаев ашық сабақ өткізіп, шәкірттеріне айтыс өнерінің қыр-сырын түсіндіріп, үйретті.

Өз заманында айтыс көшін алға сүйреген Көкен Шәкеев, бүгінгі Жүрсін Ерман басқарып отырған Ақын, жыршы және термешілер одағының тұңғыш президенті болды. Ақынның аруағы мен өнерінің алдында басын иіп Көкшетау қаласы әкімінің атынан Айгүл Сәбитова он домбыра табыс етіп, жас ақындарға өнер жолында үлкен жетістіктер тіледі.

 

Мерген Тоқсанбай

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 394 раз

Похожие материалы (по тегу)