Пятница, 04 октября 2019 18:35

Көкшетауда аудио кітап шығады

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Жақында Ақмола қаламгерлерінің аудио кітаптары жарық көреді,  деп хабарлайды Көкшетау Азия ақпараттық агенттігін меншікті тілшісі Мерген Тоқсанбай.

Кеше "EL Jastаr" театры "Ақмола қаламгерлерінің аудио кітапханасы" жобасын бастаймыз деп өздерінің әлеуметтік желідегі парақшаларына жазған болатын. Жастар іске кіріскен екен, бүгін парақшаларына "Ақан сері" романының триллерін жариялапты.

Алғашқы оқылып жатқан шығарма Сәкен Сері Жүнісовтың "Ақан сері" романының бірінші бөлімі. Бұдан бөлек ақмолалық он автордың шығармаларын аудио кітап қылып шығару жоспарда бар.

Бұл жоба Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен жүзеге асатын "EL Jastar" театры мен Рухани жаңғыру өңірлік жобалық кеңсесінің бірлескен жобасы.

Кітаптар "ZhakonDRA music" студиясында жазылып жатыр.


Автор 
Мерген Тоқсанбай @mergen_toksanbai

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 195 раз