Пятница, 04 октября 2019 18:00

Сыйлығын қайтарды

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(1 Голосовать)

Көкшетауда айтыскер ақын қызылар алқасының табыстаған сыйлығын қайтарып берді, деп хабарлайды Көкшетау Азия ақпараттық агенттігі.

Термешілер байқауында қатысушылардың бірі ақын Нұрислам Әбділ қазылардың берген сыйлығын алмады, оның ойынша байқау әділсіз бағаланған. «Текті сөздің төресі – терме» атты жыршы-термешілер байқауы «Жастар жылы» мен Сүгір жырау Бегендікұлының 125 жылдығына орай Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аясында ұйымдастырылды. Байқау жайлы Нұрислам Әбділден сұрап едік, ол «Бір ай бойы өзім қиналып жазған термем еді, қазылар алқасы бағаламады.

Біреулер бір аптада жаттап келген ескі термелерін орындап жүлде алса, біреулер айтыстан үзінді орындап жеңімпаз атанды. Бірақ, менің термем көрермендер тарапынан үлкен қолдау тауып, жұрт жақсы қабылдап қошеметтеп отырды»,– дейді. Байқаудың әділ өтпегені жайлы Нұрислам Әбділ сахнадан да айтып, сыйға берген «Қазақтың жүз әні мен күйі» атты кітапты қазылар алқасына қайтарып беріп, наразылығын айтыпты. Көрермендердің біразы Нұрсиламның бұл қылығын қолдап жатса, сыйлықты алуы керек еді, ұят болды деп жатқандары да бар.

Бұл байқауда Сүгір жыраудың термелері айтылу керек еді, алайда облыстан келген 14 қатысушының біреу де Сүгірдің термелерін орындаған жоқ. Есесіне терме жанрына сай келмейтін Сүйінбай мен Қатағанның айтысын орындап бәйгелі болды. Бұл байқаудың жеңімпаздары респулбикалық байқауға баратынын ескерсек, ол жақта көбіне авторлық термелерге көп көңіл бөлінеді. Ал, Көкшетауда өткен байқауда авторлық термесімен тек Нұрислам Әбділ ғана қатысып, оның өзі еш жүлдеге ілікпей қалды.

Байқау қортындысы бойынша үшінші орын Ақкөл ауданынан келген Азамат Қайыровке бұйырса, екінші орын Целиноград ауданынан келген Дәурен Ысқақтың қанжығасында кетті. Бірінші орынды Қатаған мен Сүйінбайдың айтысынан үзінді орындаған Таңнұр Әлбосын жеңіп алды. 


Автор 
Мерген Тоқсанбай @mergen_toksanbai

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 969 раз Последнее изменение Суббота, 05 октября 2019 13:41