Вторник, 14 мая 2019 16:01

Жүмыспен қамтудың қиындығы

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(1 Голосовать)

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Мәжілісте «Жастарды жұмыспен қамту мәселелері» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.

«Халық коммунистері» фрак-циясының жетекшісі Айқын Қоңыровтың айтуынша, жастар арасындағы жұмыссыздықтың факторлары мен себептері көп.

– Белгілі бір мамандарды талап ететін нақты еңбек нарығы бар, – деді ол.

аа10996

Отандық білім мен еңбек нарығы параллельді кеңістікте өмір сүреді және бір бірімен қиылыспайды. Нәтижесінде республикада дипломы мен сертификаты бар жастар жұмыссыз жүреді, ал кәсіпорындар кадр тапшылығын жою үшін шетелден маман шақыруға мәжбүр болады.

ҚКХП депутаты Магеррам Магеррамовтың сөзінше, бұрын жұмыссыздықты кәсіби бағдар арқылы жоятын.

– Нарықтық жүйеге көшкелі мемлекет жас мамандарды жұмыспен қамтуға кепілдік бермейтін болды, – деп мәлімдеді мәжілісмен.

Әрине Үкімет жоғары оқу орындары мен орта кәсіптік білім мекемелерінің түлектерін жұмыспен қамтуға бағытталған бағдарламалар қабылдап жатыр, алайда олардың орындалу тиімділігі әлі де жетілдіруді талап етеді. Жастар заңгер немесе экономист сияқты табысты мамандықтарға ұмтылады, ал елге техникалық мамандар қажет. 

– ЖОО мен колледждерде мамандарды даярлауды қайта қарастыру керек. Маман даярлау еңбек нарығы қажеттілігіне сай іске асырылуға тиіс. Дипломы бар жұмыссыздар немесе өз мамандығы бойынша жұмыс істемейтін маман даярлаудың қажеттілігі жоқ, – деді Магеррам Магеррамов.

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ проректоры Қайрат Айтуғанов түрлі салалардағы маман тапшылығы туралы нақты мысал келтірді. Оның айтуынша, АӨК-дағы жыл сайынғы маман тапшылығы 2234 маманды құрайды.

– Өкінішке қарай, ЖОО түлектерінің басым бөлігі экономиканың басқа салаларында жұмыс істейді, – деді ол.

Оған себеп – төмен жалақы, ауыл инфрақұрылымының дамымауы, ауыр еңбек жағдайы және болашаққа деген сенімсіздік. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы мамандықтарына қатысты гранттар мен ЖОО-ның материалдық-техникалық базаларынан үнемдейтін шенеуніктердің түсініксіз ұстанымы.

Геология саласындағы маман тапшылығы жайында ҚКХП депутаты Галина Баймаханова сөз қозғады. Оның айтуынша, геология дамып келеді, ал біз бір жыл емес, он жылға артта қалып отырмыз.

– Қазақстандағы мамандықтар тізімін қарап шығыңыз, ол өткен ғасырдың 20-жылдарынан бері өзгермеген. Мамандықтар автоматты түрде тізімге енгізіледі және олар уақыт талабына сай өзгертілмейді, – деді депутат Г. Баймаханова.

аа10999

Жұмыспен қамту департаментінің директоры   Жеңісбек Дулатов жиналғандарға жағдай соншалықты жаман емес екенін түсіндіруге тырысты. Республикада мемлекеттік гранттар мен жастарды несиелендіру бағдарламалары бар, олардың ескілері жаңартылды. Жалпы  жас мамандар арасындағы жұмыссыздық 3,8 пайызды құрайды, бұл республикадағы жұмыссыздықтың жалпы деңгейінен едәуір төмен.

аа10997

Республикада жеңілдіктер мен бағдарламалар бар шығар, бірақ ол жайлы білетіндер аз. Бұл жағдайды ҚКХП-ның Мәжілістегі депутаты Ирина Смирнова балалар үйі түлектерінің тағдырынан мысал келтіре отырып түсіндірді.

– 18 жасқа толған соң балалар үйі түлектерінің алдында қоғамдағы интеграция мәселесі туындайды, – деді ол. – Ал оларда әлеуметтік қарым-қатынас орнатудың қарапайым дағдысы жоқ.Жеңілдік бар, алайда өткен жылы «жеңілдікпен» берілетін жұмыс орындарына балалар үйінің 1 пайыз түлегі ғана орналасқан.

Коммунисті дөңгелек үстелдің қонағы Сергей Шейнер қолдады. Ол балалар үйінің түлегі. Сергейдің айтуынша, балалар үйінің тәрбиеленушілерінде мамандық таңдау және бір нәрсе үйрену мүмкіндігі жоқ. Балалар үйінің жетекшілері ер жеткен тәрбиеленушілерді кәсіби лицейлер немесе кәсіби мектептерге жіберуге асығады, ол жерде диплом да берілмейді. Ал ЖОО мен ОКБМ-ға балалар үйінің тәрбиеленушілері бірдей негізде қабылданады, сондықтан ол жерге түсу мүмкін емес.

– Қағаз жүзінде жеңілдік бар, ал ақиқатында – жоқ, – деп мәлімдеді Сергей. – Оқу орындарының жетекшілері өздеріне жауапкершілік алғылары келмейді.

Мемлекетте жастарға көмек көрсету үшін қаражат жоқ емес, бар. Мұны әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссияның тұрақты төрағасы, қоғам қайраткері Тимур Сайфуллин сандармен дәлелдеді.

- Өкінішке қарай, Қазақстандағы жастар саясаты көзбояушылық үшін өткізілетін бірреттік іс-шаралармен ғана шектеледі. Жоғары мінберлерден берілетін есептердегі сандар да аспаннан алынады, – деді ол. 

Сонымен, сандар сөйлесін. Қазақстанда Жастар жылын өткізу бойынша «Жол картасы» бекітілді. 121,9 миллиард теңге жұмсау жоспарланып отыр. Шығындар тізімінде – жастар үшін жалдамалы баспана құрылысы, еріктілер үшін шәкіртақыны көтеру, жас ғалымдар үшін гранттарды арттыру және 675 миллион теңге пафостық іс-шараларды өткізу үшін бекітілген. Бұл жерде салтанатты түрде Жастар жылының ашылуы (250 миллион теңге жұмсалған) және Zeren-2019 жастар лагері (200 миллион теңге), Шымкентте өтетін Еңбекшіл жастардың форумы (50 миллион теңге) бар. Тізім өте ұзақ. 

– Бір күндік іс-шараларға адам айтқысыз сомманы жарату қаншалықты қисынды? Миллиондаған соммаға конференциялар мен форумдар өткізуге болады, бірақ бұдан жастар мәселесі азаймайды, – деп түйді ойын Тимур Сайфуллин.

аа10998

Дөңгелек үстел қорытындысында қатысушылар бірқатар ұсыныс қабылдап, оны Үкіметке жолдады. Олардың қатарына білім және маман даярлау сапасын арттыру, жұмыспен қамту бағдарламаларына мемлекеттік және қоғамдық бақылауды күшейту, жас мамандарды баспанамен қамту, балалар үйінің түлектеріне кешенді қолдау көрсету және салтанатты, бірақ пайдасыз іс-шараларға жұмсалатын шығындарды азайту мәселелері енді.

Абылай БЕЙБАРЫС

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 183 раз
© 2013-2019 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Яндекс.Метрика
Разработка - Веб студия "IT.KZ"