Среда, 16 октября 2019 18:39

Өзбекстан Түркі кеңесіне ресми түрде қабылданды.

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Өзбекстан Түркітілді елдер әріптестігі кеңесіне ресми түрде кірді. Шешім 15 қазанда Түркі кеңесінің Бакудегі саммитінде қабылданды.

Түркі кеңесі 2009 жылы құрылған, оған Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия мүше болып кірген. Өзбекстан қыркүйек айында ұйымға кіру туралы өтініш білдірді. 2018 жылы қыркүйекте Қырғызстанда өткен саммитте Венгрия ұйымға бақылаушы-мемлекет ретінде қабылданды.

15 қазанда Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркі кеңесінің өмірлік құрметті төрағасы деп жарияланды.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев кеңестің жетінші саммитінде бірлескен технопарктер, инновациялық стартап-компаниялар мен венчурлы қорлар, сонымен бірге бірлескен инвестициялық қор құрып, түркітілдес елдердің сауда үйін ашуды ұсынды.

Бұған қоса ол Түркі кеңесі аясында Жас кәсіпкерлер форумын ұйымдастырып, оның алғашқы жиналысын Өзбекстанда өткізу туралы бастама көтерді. Бұл туралы Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шавкат Мирзияев Еуропа, Қытай және Оңтүстік Азия нарықтарына шығатын көлік-коммуникация жобаларын қолға алу керектігін айтты. Сонымен бірге ол ұйымға мүше елдерге "Түркі әдебиетінің жауһаздары" кітаптар топтамасын басып шығаруды ұсынды.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 391 раз Последнее изменение Среда, 16 октября 2019 18:54