Шығыстағы шаруалар «егістік қурап кете ме» деп алаңдаулы 29 августа 2023, 06:31

Тарбағатай ауданына қарасты Құйған, Қарасу, Жетіарал елдімекендері шекаралық аймақта орналасса да, егістік суару жағы әлі шешімін таппай келеді.

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Подписаться на канал новостей TengriNews:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Новости
  • Новости Казахстана
  • Новости мира
  • Нашли ошибку?


Шығыстағы шаруалар "егістік қурап кете ме" деп алаңдаулы
29 августа 2023, 06:31

Фото: Massaget.kz

Тарбағатай ауданына қарасты Құйған, Қарасу, Жетіарал елдімекендері шекаралық аймақта орналасса да, егістік суару жағы әлі шешімін таппай келеді. Жұрт жаңбырсыз жаздың жығылғанға жұдырық болғанын айтуда, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыз.

Фото: Massaget.kz

Бұл өңірдегі басты мәселелердің бірі — су бөгетінің апаттық жағдайда тұрғаны. Қанша жылдан бері Қанды су деп аталатын нысанда жөндеу жоспарланғанымен қолға алынбай-ақ қойды. Аталған үш ауылдан бөлек, аудан орталығы Ақжар халқы да бұл мәселені талай рет облыс әкімі Ермек Көшербаевтың алдында көтерді. Жергілікті кәсіпкер Сержан Омарбековтың сөзінше, ауыл шаруашылығына деген қазіргі көзқарасты өзгертпесе, әрі қарай ешнәрсе алға баспайды.

«Ешкім ауылға бармайды, жағдай жасалмайды. Субсидия ресімдеудің өзі машақат. Егістік кезінде техникалар істен шықса, саймандары удай қымбат. Тракторлар 18-20 млн теңге. Үкімет тарапынан қандай да бір гарант керек сияқты. Егер кәсіпкерлер өздері бекіткен мөлшерге сәйкес бірнеше миллион теңге несие алса, көп мәселенің шешімі табылады. Мен бұны бұған дейін министрлерге де айттым. Ал егістік күйіп кетпес үшін Қарасу ауылы мен Шолақорданың арасында канал ашылғаны дұрыс», — дейді ол.

Фото: Massaget.kz

Облыс әкімдігіндегілер су бөгетін қайта жаңғырту бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленетінін алға тартты. Тиісті қаржы бөлінген соң су қоймасы толық қуаттылықта жұмыс істейтіндігіне сенімді. Құйған ауылының тұрғыны Бақытжан Әміровтің сөзінше, елдімекен іргесіндегі Мысық деген жерде де «су бөгеті салынады» деген уәде әлі орындалмай келеді. Кеңес өкіметі кезінен қаншама рет тексерістен өтіп, атқамінерлер сол күйі істің нүктесін қоя алмай келеді. Ауылдық округ әкімі Бекбол Дайрановтың айтуынша, мұның шешімі бар. Тек іргедегі Қанды судың жөнделіп бітуі қауырт жұмысқа жол ашады. Анығы сол, аталған бөгеттің жобалық қуаттығы 40 млн текше метр су. Бірақ қазір мұндағы деңгей тым төмен. Оның себебі — су өткізгіш жүйе мен басқа да жабдықтар апаттық жағдайда.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыз.

Источник: tengrinews.kz

Яндекс.Метрика