«Бәрін ауылға беріп жібереміз». Әскерилер, полицейлер мемлекеттен берілетін тегін форма бола тұра неге өзі сатып алады? 17 августа 2023, 06:30

Әскерилерді көргенде, ең бірінші назар аудартатын нәрсе — үстеріндегі арнайы форма. Редакцияға жүгінген оқырмандардың бірі әскери қызметкер

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Подписаться на канал новостей TengriNews:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Новости
  • Новости Казахстана
  • Новости мира
  • Нашли ошибку?


"Бәрін ауылға беріп жібереміз". Әскерилер, полицейлер мемлекеттен берілетін тегін форма бола тұра неге өзі сатып алады?
17 августа 2023, 06:30

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Әскерилерді көргенде, ең бірінші назар аудартатын нәрсе — үстеріндегі арнайы форма. Редакцияға жүгінген оқырмандардың бірі әскери қызметкер екенін, алайда мемлекеттен берілетін дәл осы арнайы форма киюге жарамсыз екенін айтады. Massaget.kz тілшісі осы мәселеге байланысты министрліктерге ресми сауал жолдап, тегін форма бола тұра әскерилер, Ішкі істер министрлігі қызметкерлері неге өз қалтасынан ақша шығарып, киім тіктіретінін анықтап көрді.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Қорғаныс министрлігінің келісімшартпен жұмыс істейтін қызметкерінің сөзінше, мемлекеттен берілетін форманың сапасы тым нашар.

«Мемлекеттен берілетін формалар кейде тым үлкен, кейде тым кіші болып келеді. Кейде мемлекеттің берген формасын кішірейтіп тіктіріп аламыз, ол 6-7 мың болады. Біздегі мемлекет тарапынан берілетін формаларды кигің келмейді. Жусаң ағарып кетеді. Форманы Сайраннан, базардан сатып та аламыз. Ал тегін берген формалардың бәрін ауылға, малға, қораға киюге біреулерге беріп жібереміз», — дейді аты-жөнін атамауды өтінген әскери қызметкер.

Сондай-ақ, ол арнайы етіктердің де тым үлкен өлшемде берілетінін, пайдаға аспайтынын айтады. «Кіші болып келсе бас тартамыз, ал үлкен болса шұлғау байлап талай рет кигенбіз» дейді.

Редакцияға жүгінген тағы бір ІІМ қарасты полковник арнайы форманы тіктіруге жекеменшік тігін шеберханасына тапсырыс беріп қойғанын, қыркүйекте дайын болатынын жеткізді. Мемлекеттен келетін дайын форманың олқылықтары көп болатынын айтты.

Әлеуметтік желіге назар аударсақ, кәсіби киім тігетін шеберхана өте көп екені байқалды. Олардың бірінен Ішкі істер министрлігі қызметкерлері мен әскерилердің киімін тігу қанша теңге екенін сұрап көрдік.

Тігіншілер полицейдің сыртқы, жазғы формалары 36 мың теңгеден басталатынын айтты. Бұл орайда киімнің матасына қарай баға өзгере береді екен. Демек, жұмысқа киетін арнайы киімнің өзі біраз адамның қалтасын қағатыны көрініп тұр.

Ал Ішкі істер және Қорғаныс министрліктері жыл сайын мемлекеттен ақша бөлініп жатқанын, қамтамасыз етіліп жатқанын айтады.

«Жыл сайын киім сатып алуға республикалық және жергілікті бюджеттерден бюджеттік қаржы бекітілген лимиттер шегінде бөлінеді», — делінген Ішкі істер министрлігі жауабында.

«Құрлық әскерлері, әуе қорғанысы күштері, әскери-теңіз күштері, арнайы мақсаттағы бөлімшелер, медицина қызметкерлерінің арнайы киімдерінен бөлек, әскери қызметшілерді жазғы және қысқы мезгілдерге арналған салтанатты, күнделікті, далалық киімдермен қамтамасыз етеді. Жыл сайын әскер қатарына шақырылатын мерзімді әскери қызметшілер де толық киіммен қамтылады. Бұл мақсатқа қаражат жоспарлы түрде жыл сайын бөлініп тұрады», — делінген Қорғаныс министрлігі жауабында.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Источник: tengrinews.kz

Яндекс.Метрика