«Адам өлуі керек пе?» Қызылордада апатты үйдің тұрғындары қорқынышпен өмір сүріп жатыр 22 августа 2023, 06:35

Қызылордада апатты үйдің тұрғындары қорқыныштан "шыбын жанын шүберекке түйіп" отыр. Жергілікті билік Тасбөгет кентіндегі бірнеше үйді апатты

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Подписаться на канал новостей TengriNews:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Новости
  • Новости Казахстана
  • Новости мира
  • Нашли ошибку?


"Адам өлуі керек пе?" Қызылордада апатты үйдің тұрғындары қорқынышпен өмір сүріп жатыр
22 августа 2023, 06:35

Фото: Massaget.kz

Қызылордада апатты үйдің тұрғындары қорқыныштан «шыбын жанын шүберекке түйіп» отыр. Жергілікті билік Тасбөгет кентіндегі бірнеше үйді апатты деп танығанмен тұрғындарды көшіруге асығар емес, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Фото: Massaget.kz

Наурыз көшесіндегі қос қабатты 28-үй шамамен 45 жыл бұрын салынған. Үй деген аты ғана, әйтпесе, әлдеқашан күйі қашқан. Адамдар басқа барар жері болмағасын паналауға мәжбүр.

Фото: Massaget.kz

Осы үйдің тұрғындарының бірі Сандуғаш Мырзахметова. Ол 2017 жылдан бері осында тұрады. Цементі жарылған, шатыры ұшып кеткен, қырық жамау үйді паналап отыр.

Фото: Massaget.kz

«Төменгі қабаттағылар қыста от жағады. Жоғарғы қабат орталық жылу жүйесіне қосылған. От жаққанда көршілер түтін кіреді деп жақтырмайды. Адам өлмей қарамайды бізге. Бізді мына үйден көшіру үшін адам өлуі керек пе?», — дейді ол.

Үмітхан Сүлейменова мұнда 1995 жылы көшіп келген. Бірақ тиісті орындар екі жылдан кейін үйді газ бен жылудан ажыратып тастаған.

Фото: Massaget.kz

«Содан бері от жағамыз. Әркім отын-көмірді қаппен тасиды», — деді ол.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Источник: tengrinews.kz

Яндекс.Метрика