Четверг, 04 октября 2018 11:16

Қазақстан және Ресей Үкіметтері мұнай және мұнай өнімдері туралы келісімге өзгерістер енгізді

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(1 Голосовать)

Астана. 2018 жыл 3 қазан – Бүгін Мәскеуде «Ресей энергетикалық апталығы – 2018» Халықаралық форумының шеңберінде Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қ. Бозымбаев және Ресей Федерациясының Энергетика министрі  А. Новак  2010 ж. 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Үкіметтері арасындағы Қазақстанға мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы үкіметаралық Хаттамаға, хабарлайды «Көкшетау Азия» ақпараттық агенттігі ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметіне сілтеуімен.

Енгізіліп жатқан өзгерістер Ресейден Қазақстанға мұнай өнімдерін кіргізу және Қазақстан аймағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аймағынан тыс шығару мәселелерін реттеуді ведомствоаралық деңгейге шығаруға мүмкіндік береді (екі елдің энергетика ведомстволары) Осылайша, Қазақстан жанар-жағармайдың ішкі нарығындағы балансына байланысты мұнай өнімдерінің кейбір түрлерінің экспортын және импортын ашу/жабу бойынша  шешімдерді жылдам қабылдай алады.

Қазіргі таңда Қазақстанда ашық түсті мұнай өнімдерін тасымалдауға тиым салынған. Қол қойылған Хаттама Қазақстандағы жаңғыртылған мұнай өңдеу зауыттарында шығарылған ашық түсті  мұнай өнімдерін экспорттауға мүмкіндік береді.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 4472 раз
© 2013-2019 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Яндекс.Метрика
Разработка - Веб студия "IT.KZ"