Домой Колумнисты ҚР ІІМ жанындағы Қоғамдық кеңесті құру бойынша жұмыс тобының жетекшісі

ҚР ІІМ жанындағы Қоғамдық кеңесті құру бойынша жұмыс тобының жетекшісі

586
0
ҚР Ішкі істер министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңесті құру бойынша жұмыс тобының жетекшісі ретіндегі жұмысымды аяқтадым

Министр Марат Ахметжановтың қатысуымен өткен Кеңестің жаңа құрамының отырысында көпшіліктің дауысымен жұмыс тобының жаңа жетекшісі болып «TALAP қолданбалы зерттеулер орталығы» қорының директоры Рахым Ошақбаев сайланды
Кеңестің алдыңғы құрамының жұмысы кезінде полицияның халыққа барынша ашық, жақын болуына оң қадамдар жасалды.
Мәселелер ортақ талқымен шешіле бастады. Бұған қалалық Мәслихаттың Заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы басшысының орынбасары ретінде де көзім жетті.
Алайда ішкі істер саласындағы кадрлық тапшылық, әлеуметтік қамсыздандыру проблемалары әлі де дұрыс жолға қоюды талап етеді. Полицейлерге баспана беруге, балаларын әлеуметтік қамту жолдары қарастырылса деймін.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер органы жүйесінің алдына мүлдем жаңа міндеттер қойып отыр. Қоғамдық кеңестің жаңа мүшелері азаматтардың полицияға сенімі мен қолдауын күшейтуге үлес қосады деп сенем. Кеңестің жаңа форматтағы жұмысы оның тиімділігін де одан әрі арттыра түсуі тиіс.
Бір әттеген-айы — кеңес құрамына өтініш білдіргендер арасында әйел азаматшалары аздау
Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласынан бөлек аудан, ауыл өкілдері де тартылса деген тілек бар.
Әріптестерге аса күрделі де маңызды саланы реформалауға атсалысу жолында сәттілік тілеймін!

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму