Домой Без рубрики Оразақ ауылындағы жер дауы

Оразақ ауылындағы жер дауы

786
0

Қазақстан Халық партиясы ұйымдастырған «Ауыл дерті» атты алғашқы онлайн-эфир Ақмола облысындағы Оразақ ауылы тұрғындарының мәселелеріне арналды.

Мұнда жағдай ушығып тұр. Бір жағынан, бірқатар ауыл тұрғындары өз жерлеріне иелік ететін «ШаңырақАгро» ЖШС-ға шағымданады. Екінші жағынан, ауылда наразылық танытып отырғандар аз, алайда олардың белсенділігі Оразақ тұрғындарын ештеңесіз қалдыруы мүмкін.

2005 жылы Оразақ ауылының тұрғындары бірлесіп, мемлекеттен пайға алған жер телімдерін заңға сәйкес 49 жылға жалға беру үшін «Оразақ» ЖШС тіркеді. Осыдан соң «Оразақ» ЖШС-ның «Агроцентр-Астана» ЖШС тең құрылтайшысы пайда болды. 2008 жылы аталған компания БТА банкінің несие қарызын тартты және кепілге «Оразақ» ЖШС жер телімін қойды. Уақыт өте келе «Агроцентр-Астана» ЖШС банкротқа ұшырады.

Ауыл тұрғындарына көмекке «ШаңырақАгро» компаниясы келді. Оның күш-жігерінің арқасында сот арқылы банктің кепіл шартына шағым жасалды. Бірақ бұған дейін мемлекет өңделмеген учаскелерді мақсатына сай пайдаланылмауына байланысты алып қойды. Байқау өткізілгеннен кейін жер «ШаңырақАгро» ЖШС-ға берілді. Компания әлеуметтік шиеленістің алдын алу үшін оразақтықтарды пайшы деп таныды және бірінші құрылтай жиналысында ауыл тұрғындары өнімнің 7% мөлшерінде дивиденд алатынын, айтты. Сонымен қатар ЖШС жердің бір бөлігін жалпы жайылымға арналған жер ретінде бөлді.

Алайда бұл тәсіл әлдекімдердің көңілінен шықпады. «ШаңырақАгро» ЖШС компаниялар тобының тең құрылтайшысы Максим Божконың айтуынша, 280 меншік иесінің 260-сы осы шарттарға келіскен. Құрылтайшы атап өткендей, қалған 20 пайшы компанияны сотқа беріп, әлеуметтік желілерде «хайп» жасап, ауыл шаруашылығы мен мал жаю үшін бос жер табу мүмкін емес деп дабыл қағып, жағдайды өзгертуге тырысуда.

– Жер ешқайда «кеткен» жоқ, – деді М.Божко эфир барысында. – Ол ешқайда «кете алмайды». Біз бес жыл барлығы заң бойынша болғанын дәлелдеп келеміз! Осы уақыт аралығында бізге тағылмаған айып жоқ!

Сот мемлекеттік органдар мен ЖШС-ның барлық әрекетін заңды деп таныды. Қазір істі прокуратура қарап жатыр – ол байқау барысында қателіктің орын алған, алмағанын анықтауға тырысуда.

Наразылар нені көздеп отыр? Олардың өздерінің пайларын жеке пайдалануға алғысы келетінін болжау қиын емес. Алайда бір мәселе бар. «Amanat» партиясының «Жер аманаты» жер комиссиясының мүшесі Кирилл Павлов атап өткендей, бұл қасақана жасалып отырған әрекетке ұқсайды. Егер конкурс заңсыз деп танылса, жағдай бес жыл бұрынғы деңгейге оралады – яғни оразақтықтар дивидендтен де, жерден де айырылады, ал учаскелер мемлекеттік қорға қайтарылады.

– Екі нұсқа бар, – деп қорытты жүргізуші, ҚХП төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев. – Адамдар қателесуі мүмкін, оларға үшінші тараптан сапалы медиация қажет. Мұның артында қарапайым рейдерлік тұруы және қандайда бір балама компаниялар бұл жерлерді алғысы келуі мүмкін.

ҚХП мәселені шешуге барлық құзырлы органдарды тартуды, аймаққа баруды, екі тарап өкілдерімен кездесуді ұсынады. Қорытындысында барлық ауыл тұрғындарының игілігіне бағытталған консенсусқа қол жеткізуді көздейді.

Онлайн-эфирге сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=KT39-lClynw

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму