Домой Без рубрики Ерейментау ауданының тарихи атаулары 100% қайтарылады

Ерейментау ауданының тарихи атаулары 100% қайтарылады

774
0

Ерейментау ауданында Жол картасына сәйкес 2022 жылы 5 құрамдас бөлікті қайта атау жоспарланған. Ауылды қайта атау жұмыстары аяқталғаннан кейін елді-мекендердің тарихи атаулары 100 пайыз қайтарылады. Бұл туралы Ерейментау ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Гаухар Сергалиева атап өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүгінгі күні Ерейментау ауданындағы 13 ауылдық округтің, 30 елді мекен бар. Соның ішінде 12 ауылдық округтің, 29 елді мекеннің атауы мемлекеттік тілде. Көптеген ауыл-аймақтарға тарихи атауы қайтарылып берілді.

Аудан бойынша 214 көше бар. Оның ішінде 172 қазақша, 42 орысша. Ерейментау қаласында — 49 көше (25 қазақша, 24 орысша), ауылдық округтерде жалпы 165 көше (146 қазақша, 17 орысша) бар.

Ерейментау ауданында идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулары бар елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктерін қайта атау жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған жол картасы бекітілді.

«Жол картасына сәйкес 2022 жылы 5 құрамдас бөлікті қайта атау жоспарланған. Сонымен бірге, ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 «Әкімшілік –аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес Ерейментау ауданының Новомарковка ауылын Майлан ауылы деп қайта атау мәселесінің жұмыстары жүргізіп келеді», — деп хабарлады Гаухар Сергалиева.

Бүгінгі күні Ерейментау ауданының Новомарковка ауылын Майлан ауылы деп қайта атау туралы бірлескен қаулы мен шешім «Ашық Нормативті Құқықтық Актілер» порталына салынды және қайта атау үшін жұмыстар қарқынды жүргізіліп келеді.

«Осы ауылды қайта атау жұмыстары аяқталғаннан кейін Ерейментау ауданында елді-мекендердің атауларына тарихи атаулары 100 пайыз қайтарылды деп айта аламын», — деп қорытындылады Сергалиева.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму