Ақмола облысы Қосшы қалалық сотын құру және судьяларды тағайындау болды

Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» 2021 жылғы 26 шілдедегі Жарлығымен Ақмола облысы Целиноград ауданының Қосшы ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылды.

Осыған орай, Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақмола облысының Қосшы қалалық сотын құру және судьяларды тағайындау туралы» 2022 жылғы 8 ақпандағы Жарлығымен Қосшы қалалық соты құрылып, Мерзадинова Динара Сталбекқызы Целиноград аудандық сотының судьясы қызметінен, Халмырзаев Мұрат Мәуленұлы Бұланды аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып, осы соттың судья қызметтеріне тағайындалды.

Қосшы қалалық соты – жалпы юрисдикция соты, Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Жеті Жарғы көшесі, 2-үй мекен-жайы бойынша Целиноград аудандық сотының ғимаратында орналасқан.
Қосшы қалалық соты кеңсесінің телефоны: 8-716-51-30-202.

Ақмола облыстық сотының
баспасөз қызметі

Яндекс.Метрика