Домой Без рубрики Ақбөкендердің санын сақтау қажет

Ақбөкендердің санын сақтау қажет

546
0

Қазақстан Халық партиясы «Халық сарапшысы» пікірталас  жобасы аясында еліміздегі ақбөкендердің санын сақтау және реттеу мәселесін талқылады.

– Қазақстан Халық партиясының парламенттік фракциясы бұл мәселені осыдан бір жыл бұрын Батыс Қазақстан облысында «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватын құру туралы депутаттық сауалында көтерді. Бұған қоса біз болашақта Ресей Федерациясымен бірлесіп, ЮНЕСКО деңгейінде мәртебесі бар трансшекаралық биосфералық табиғи резерват құруды ұсындық, – деді жиынның ашылуында Парламент Мәжілісінің депутаты, Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитет мүшесі Айжан Сқақова.

Талқылауға депутаттар, мемлекеттік органдардың өкілдері, тәуелсіз сарапшылар және қоғам белсенділері шақырылды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы Снежанна Имашева өз сөзінде Қазақстанда киіктерге браконьерлердің кесірінен жойылып кету қаупі төнген кез болғанын еске салды.

– 2019 жылы біз Қылмыстық кодекске жеке қылмыстық бап енгіздік. Онда  киіктерді жою мен аулауға қылмыстық жаза көзделді. Нәтижесінде жануарлардың популяциясы сақталып, тіпті саны өсті, – деді С.Имашева.

Оның айтуынша, қазір кері жағдай қалыптасып отыр. Себебі ақбөкен мекендейтін аймақтардың тұрғындары олардың дәнді-дақылдарды тапап, таптап жатқанына шағымдануда. Шаруалар ақбөкендердің санын реттеу мәселесін алға тартуда.

– Қазақстан Халық партиясы реттеу мақсатында жануарларды атуға қарсы. Ел ақбөкендердің санын қалпына келтіру үшін көп қаражат пен ресурс жұмсады. Менің ойымша, ақбөкендердің саны қалпына толық келген жоқ. Киіктердің санын сақтау қажет, – деді партия төрағасының кеңесшісі Данияр Сабырбаев.

Бұдан кейін ол жергілікті әкімдіктер не себепті шаруаларға киік көшетін жолдардан егіс алқабына жер бергенін анықтау қажеттігіне назар аударды.

–  Зоология институтының ғылыми қорытындысына сәйкес, Оралдағы ақбөкендер популяциясының күрт өсуі және олардың ауыл шаруашылығы дақылдарына  зиян келтіруі олардың санын реттеу қажеттілігін туындады.

Биологиялық негіздеме бойынша, Оралда олардың көбею көлемі 2022 жылы 10% -ға, Қостанай, Ақмола облыстарының аумақтарындағы Бетпақдалада 2,5% — ға дейінгі көрсеткішті құрауы керек. Киіктердің санын биологиялық тұрғыдан да, экономикалық тұрғыдан да реттеудің оңтайлы мерзімі – 15 қыркүйектен 30 қарашаға дейінгі аралықты қамтиды, – деді ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Нұрлан Қылышбаев.

Осы жерде Д. Сабырбаев комитет төрағасымен пікірталастырып, бұл негіздеме сараптамадан, оның ішінде қоғамдық сараптамадан өтуге тиіс екенін айтты.

 – Осыдан соң ғана біз ақбөкенді ату туралы мәселені талқылай аламыз. Өйткені бұл бір ғана уәкілетті орган немесе бір ұйым шешетін мәселе емес,  жалпыұлттық сипатқа ие шара, – деді ол.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі егін шаруашылығы департаментінің директоры Азат Сұлтановтың ақпараты бойынша, бүгінгі таңда астықпен айналысатын 2 өңір – Қостанай және Ақмола облыстары киіктерден зардап шекті. 800 мың және 4 6 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге зиян тиді.

– Шаруалар егін өнімділігінің 50% -на дейін жоғалтулары мүмкін екенін  айтып, дабыл қақты. Бұл елдің азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Экология министрлігімен бірлесіп, мәселені пысықтап жатырмыз. Ақбөкендерді ату сияқты төтенше шараға жүгінбеу үшін егіс алқабын сақтауға ерекше назар аудару қажет. Алайда Агросақтандыру қауымдастығы мұндай шараларды қабылдауға дайын емес екені туралы хабарлады, өйткені мұндай бағдарламаны басқару қиын және ол қауті. Ауыл шаруашылығы министрлігінің шаруалардың шығынын өтеу мүмкіндігі жоқ», – деді ол.

ҚХП төрағасының кеңесшісі Д.Сабырбаев мемлекет ақбөкенді атуға асықпай, шаруаларға келтірілген залалды өтеу мәселесін заңнамалық тұрғыдан реттеуге тиіс деген ой білдірді.

Талқылауда пікір білдірген эколог-сарапшы Сәкен Ділдахмет ауыл шаруашылығы жерлеріне тексеру жүргізу, жануарлардың қоныс аудару жолын қалпына келтіру, оның ішінде автобан, теміржол арқылы популяцияның өту мүмкіндігі мәселесін қарау қажеттігі туралы сөз сөйледі.

– Жабайы жануарлардың популяциясының жоғалуына әкелуі мүмкін үй малдары арасында қауіпті аурулардың пайда болу қаупі туралы ұмытпау керек. Киіктердің санын реттеу саласында мемлекеттік монополия енгізу қажет, өйткені жеке шаруалардың мүдделік қолдауы, қара нарықта киіктердің мүйіздерін сататын жосықсыз аңшылардың пайда болу қаупі бар. Түскен қаражатты қорғау іс-шараларына, оның ішінде жергілікті қоғамдастықтарға бағыттау қажет. Жалпы үлкен бағдарлама әзірлеу керек, – деді сарапшы.

Жиынды қорытындылаған А.Сқакова талқылау барысында түрлі пікір тыңдалғанын тиек ете келіп Қазақстан Халық партиясы бірегей экожүйені сақтау қажет деген пікірді ұстанатынын және осы бағыттағы жұмысты жалғастыра беретінін жариялады.

ҚХП баспасөз қызметі

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму