Домой Новости Казахстана EXPO іскерлік орталығы аумағындағы жаңажылдық демалыс

EXPO іскерлік орталығы аумағындағы жаңажылдық демалыс

164
0

EXPO іскерлік орталығы аумағындағы жаңажылдық демалыс

188 Арман

Жаңа жыл қарсаңында «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы елорда тұрғындары мен қонақтарына EXPO іскерлік орталығы аумағында қысқы іс-шараларды ұйымдастырды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Елорданың басты көрікті жері – NUR ALEM болашақ энергиясы мұражайы 31 желтоқсаннан 3 қаңтарға дейін 12 жасқа дейінгі балалар үшін тегін жұмыс істейді. Сондай-ақ мұражай мереке күндері жаңа жұмыс кестесіне көшеді:

  • 30 желтоқсан — сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін;
  • 31 желтоқсан — сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін;
  • 1 қаңтар — сағат 14:00-ден 20:00-ге дейін;
  • 2-8 қаңтар — сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін.

Мұзайдыны. NUR ALEM мұражайының маңында ашық аспан астындағы мұзайдыны бар. Мұзайдынның ауданы 1 300 шаршы метрді құрайды. Бір сағаттық сеансқа конькиді жалға алу құны — 500 теңге, ал өз конькиімен келгендер тегін кіре алады. Келушілерге ыңғайлы болу үшін киім ауыстыратын бөлме, қоғамдық тамақтану орындары және тәулік бойғы 3 мың көлікке арналған жерасты паркингі қарастырылған.

Мұзайдынның жұмыс кестесі:

  • 31 желтоқсан сағат 12:00-ден 21:00-ге дейін;
  • жұмыс күндері сағат 12:00-ден 23:00-ге дейін;
  • демалыс күндері сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін.

Балаларға арналған сырғанақ. Балаларға арналған сырғанақта балалар өз баллондарын алып келіп сырғанай алады. Биіктігі 5 метр, ұзындығы 14 метрден асады. Сондай-ақ тюбингтерді жалға беру пункті бар. 2 сағаттық сеансқа жалға алу құны — 1000 теңге.

Балалар сырғанағының жұмыс кестесі:

  • сағат 12:00-ден 21:00-ге дейін.

Жаңажылдық тосынсыйлар мұнымен біте қойған жоқ: 1-15 қаңтар аралығында EXPO кешеніне келушілер көліктерін паркингке тегін қоя алады.

Источник: qazaq.asia

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму