Суббота, 22 декабря 2018 10:25

Әскери қызметшілер жастарға кеңес берді

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(1 Голосовать)

Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметшілері Елордада өткен қала жастарына жұмысқа орналасу бойынша консультациялық көмек көрсету мақсатымен ұйымдастырылған шараға қатысты.

Шараға, сондай-ақ, Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, Жұмыспен қамту орталығы, Медиацияны дамыту орталығы және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өкілдері қатысты. Сонымен қатар, кәсіби заңгер мен психолог мамандар жастарға тегін консультация жүргізді. Қаладағы «Азия парк» ойын-сауық орталығында өткен ашық есік күнінде жастарға өзін қызықтырған сауалдарына жауап алу мүмкіндігі қарастырылған.

амам1

Бұл шараның мақсаты - елорда жастарын мемлекеттік бағдарламалармен таныстырып, оның мүмкіндігін пайдалануды ұсыну. Ал әскери қызметшілер өз алдына жастарға әскерге бару шарттарын, келісімшарт бойынша қызметке тұру, сондай-ақ, әскери жоғарғы оқу орындарына түсу жөніндегі сұрақтарына жауап берді.

амам3

«Жастар арасында әскери салаға деген қызығушылық мол екенін аңғардым. Кеңес алу үшін келген жастардың көбін келісімшарт бойынша әскери қызмет атқару туралы мәселе қызықтыратынын аңғардым. Негізі жастар үшін өте пайдалы шара болды», - деп Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметшісі Қайырбек Акбаров өз  ойымен бөлісті.

Индира УСИНА

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 443 раз Последнее изменение Суббота, 22 декабря 2018 10:35
© 2013-2019 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Яндекс.Метрика
Разработка - Веб студия "IT.KZ"