Четверг, 01 ноября 2018 15:18

Қазақстандық бітімгершілер Ливан Республикасына келді

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(1 Голосовать)

Қазақстандық бітімгершілік полк құрама бітімгершілік ротасының 120 әскери қызметшісі «Индбат» үнді батальоны құрамында «Ливандағы БҰҰ-ның уақытша күштері» миссиясына қатысу үшін Ливан Республикасына келді.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тарихында алғаш рет бітімгерлік контингент Ливандағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі БҰҰ-ның миссиясына қатысуда.

Үнді серіктестерімен бірлесе бітімгершілік ротаның үйлесуі шеңберінде қажетті дайындық жұмысы жүргізілді. Осы миссияға бірлесіп қатысу жөніндегі Қазақстан Республикасы мен Үндістан Республикасының үкіметтері арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылып, ратификацияланды.

БҰҰ-ның мандатына сәйкес Ливандағы қазақстандық бітімгершілік бөлімше жерді патрульдеу, бақылау бекеттерін ұйымдастыру, оқ атудың тоқтатылуын бақылау жөніндегі функцияларды орындайды.

Бөлімшенің БҰҰ-ның миссиясына қатысуы халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосады, сондай-ақ халықаралық қоғамдастықтың, оның ішінде, БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде Қазақстан Республикасының тұрақсыз мүшелігінің қорытындысын жасау негізінде жауапты мүше ретінде Қазақстанның беделін нығайта түседі.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бітімгершілік қызметтің тәжірибесін жинақтау және күрделі әскери-саяси жағдайдағы аудандарда қызмет өткеру бойынша қазақстандық әскери қызметшілерге арналған мүмкіндіктерді кеңейту жөніндегі жұмысты жүргізуде.

Бітімгершілік операцияларға қатысу кезеңінде әскери қызметшілер Қорғаныс министрлігінің бюджеті есебінен үш реттік қаражатпен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ БҰҰ жіберуші контингентке БҰҰ-ның Бас ассамблеясы бекіткен мөлшерлемелер бойынша шығындарды мемлекетке қайтарады.  Бұл айына әскери қызметшіге жұмсалатын 1428 АҚШ долларын құрайды. Әр әскери қызметшіге қосымша ретінде күніне 1,28 АҚШ доллары мөлшерінде тәуліктік қаражат, миссияда өткізген әр 6 айға ұсынылатын 15 күндік демалыс үшін күніне 10,5 АҚШ доллары мөлшерінде сауықтыру жәрдемақысы төленеді. 

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 502 раз Последнее изменение Четверг, 01 ноября 2018 15:21
© 2013-2019 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"