Вторник, 29 августа 2017 12:57

Астанадағы Оңтүстік Қазақстанның күндері аясында 43 мәдени іс-шара өткізіледі

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(1 Голосовать)

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астана қаласында 29 тамыз бен 3 қыркүйек күндері Оңтүстік Қазақстан облысының күндері өтеді. Оңтүстік Қазақстанның күндері аясында облыстың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, мәдениеті мен байлығын паш ететін 43 мәдени көпшілік іс-шарасы елордалықтар мен қала қонақтарының назарына ұсынылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков мәлім етті,  осыны туралы «Кокшетау Азия» АА Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі  деп хабарлайды

Конференцияға облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібековпен бірге жауапты басқарма басшылары қатысты, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мәдениет күндеріне арналған шаралар жайын баяндады. Осы жылдың 7 айының қорытындысымен облыста маңызды әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өсімі сақталғанын айтқан аймақ басшысының орынбасары облыста жыл басынан бері 439,1 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,3 пайызға өскенін айтты.

«Оңтүстік Қазақстан облысында индустрияландыру картасының екінші бесжылдығы (2015-2019 жж.) аясында жалпы сомасы 47,1 млрд. теңгені құрайтын 47 жоба іске асырылып, 1 650 жаңа жұмыс орны ашылды. Ал, осы жылы құны 1,7 млрд. теңге болатын 3 жоба іске қосылса, жыл соңына дейін 14 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, жыл соңына дейін өнеркәсіп өнім көлемін 850 млрд. теңгеге жеткізіп, 2,1% өсімін қамтамасыз ету көзделуде. Маңызды жобаларды іске асыру бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесінде облысқа 229,9 млрд. теңге инвестиция бағытталып, 31,5%-ға артты (2016 ж. 166,4 млрд.теңге). Оның ішінде сыртқы инвестициялар 42,3 млрд. теңгені құрап, үлесі 14,1%-дан 16,9%-ға көбейген», - деді өз баяндамасында Ұ.Сәдібеков.

Оңтүстік өлкесінің бітімі бөлек, тарихы терең өңiр екеніне тоқталған аймақ басшысының орынбасары бес күнге созылатын Оңтүстік күндерінде өңірдің салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, мәдениеті мен байлығын паш ететін түрлі іс-шаралардың ұйымдастырылатынын айтып, барша астаналықтар мен қонақтарды мерекелік шараны тамашалауға шақырды.

Оңтүстік күндерінің алғашқы шарасы шетел мемлекеттерінің Қазақстандағы 30-дан астам елшілері қатысатын бизнес-форуммен ашылады. Бес күнге созалатын дүбірлі тойда оңтүстікқазақстандық өнер майталмандары «Түркі елінің түп тамыры – Оңтүстіктен мерейлі Астанаға сәлем!» өнер керуені, «Сәлем Астана! Сәлем, ЭКСПО!», «Оңтүстік әзілдері» шоу-концерттерін ұсынса, өңіріміздің тарихи құндылығы мен ерекше мәдени келбетін дәріптейтін көрнекті жәдігерлердің көрмесі мен тарихтан сыр  шертетін суретшілер мен қолөншілер бұйымдарының көрмелері өткізіледі. Бұдан бөлек, астаналықтар «Бәйтерек» алаңында бір мезетте 600 жас домбырашының орындауындағы күйді тамашалай алады.

31 тамыз күні «Құрбан айт» мерекесіне орай, Оңтүстік жастары қоғамдық көліктерде, адам көп шоғырланатын жерлерде 5000 адамға бауырсақ, тәтті нан таратып, мерекемен құттықтаса, «Құрбан айт» мерекесінің бірінші күні этноауылда 5000 адамға арналып палау пісіріліп,  «1 қауын, 1 қарбыз» атауымен 20 тонна қауын-қарбыз әлеуметтік аз қамтылған азаматтар үшін таратылады. Осы күні «Бәйтерек» монументінің алдында оңтүстік қазақстандық өнертапқыш Бөкебаев Еркінбек құрастырған қазақ арбасымен елорда тұрғындары мен қонақтарына айттық дәм ұсынылатын болады. 

Ал 2-3 қыркүйек күндері аграрлы аймақтың ауыл шаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылады.  Жәрмеңкеге нарық бағасынан арзан құны 265 млн. теңге болатын 550 тоннаға жуық өнім шығарылады. Сондай-ақ, жәрмеңкеде «Оңтүстіктің қауын-қағы», «Қазығұрттың қымызы», «Отырардың қымыраны», «Шардараның балығы», «Сарыағаштың шипалы суы», «Түлкібастың алмасы» атауларымен оңтүстіктің өнімдері ұсынылатын болады. Оңтүстік Қазақстан облысы халықаралық көрме аясында  5  рет  ауыл шауашылығы жәрмеңкесін өткізді. Осы аралықта Елордаға 12 976 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері алып келінді.

Мұнан бөлек, республика бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны жағынан көш бастайтын Оңтүстіктің өнеркәсіп тауарларының көрмесі өтеді.

29-31 тамызы аралығында «Бейбітшілік және келісім» сарайында өтетін көрмеге өңіріміздің тамақ және жеңіл өнеркәсібі, машина жасау, фармацевтика және құрылыс заттары салаларының 50-ден астам кәсіпорындары қатысады. Сондай-ақ, 30 тамыз күні сағат 11.00-де Астана қаласының оқушылар сарайында «Күш атасы - Қажымұқан» анимациялық фильмінің тұсаукесері өтсе, 31 тамыз күні «Отырар дастаны», «Қазақстан барысы», «Толағай», «Қазақстан бренді» анимациялық фильмдерін Астана жұртшылығы тамашалайтын болады.

Демалыс күндері «Қазанат» ипподромында аударыспақ, қыз қуу, жамбы ату, теңге ілу, құсбегілік және ат үстінде өнері көрсетілетін болса, 3 қыркүйек күні «Этноауылда» қазақ күресі, асық ату, тоғызқұмалақ және көрермендер арасында «Қошқар көтеру» сайысы ұйымдастырылады.

3 қыркүйек күні сағат 21.30-да ЭКСПО алаңындағы амфитеатрда Оңтүстіктен шыққан қазақ эстрадасының жұлдыздары Нұрлан Өнербаев, Қайрат Нұртас, Алтынай Жорабаева, Жұбаныш Жексенұлы және тағы басқа да көптеген өнер майталмандары өнер көрсететін «Ән мен күй әлдилейді Астананы!» атты қорытынды Гала-концерті өтеді.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 847 раз Последнее изменение Вторник, 29 августа 2017 12:59
© 2013-2019 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"