Четверг, 17 августа 2017 14:48

«ҚазАгро» Ұлттық холдингі Астанадағы агроөнеркәсіптік инвестициялық форумда ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен инвесторлардың басын қоспақ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(1 Голосовать)

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрайымы Гүлназ АТАМҚҰЛОВАНЫҢ қатысуымен «AgroInvest Forum 2017»  агроөнеркәсіптік инвестициялық форумға арналған баспасөз конференция өтті, осыны туралы «Кокшетау Азия» АА Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі деп хабарлайды

Ауыл шаруашылығындағы жобаларды бірлесіп іске асыру мен азық-түлік тауарларын өндіру саласына серіктестерді тарту арқылы қазақстандық бизнесті қолдау, салаға инвестициялық капиталды тарту, агроөнеркәсіптік кешендегі бизнестің жаңа трендтері мен перспективаларын талқылау мақсатында «ҚазАгро» Холдингі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен Астанада 2017 жылдың 25 тамызында «AgroInvest Forum 2017» агроөнеркәсіптік инвестициялық форумын өткізбек. Аталған шараға Қазақстан, Қытай, Иран, БАӘ, Венгрия, Польша, Ресей, Испания, Түркия тағы басқа елдерден 100-ден аса адам қатысады. 

Панельді сессия аясында Вице-Премьер – Ауыл шаруашылығы Министрі                                            А.И. Мырзахметов мырза агроөнеркәсіптік кешенінің экспорттық әлеуетін дамытудың жаңа үрдісі жайлы сөз сөйлейді деп күтілуде. Ал «ҚазАгро» Холдингінің басқарма төрағасы Малелов Н.Т. мырза инвестицияларды тарту бойынша Холдингінің қызметі туралы баяндап береді. 

Қатысушылар мен баяндама жасайтындардың арасында Азия даму банкі, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы, Ислам даму банкі, халықаралық электронды сауда алаңының және тағы басқа ұйымдардың өкілдері бар. Ал қазақстандық өндірушілер агрожобаларды іске асыру мен инвесторлармен жұмыс істеу тәжірибелерімен бөліседі. Форумға ірі шетел инвесторлары, халықаралық ұйымдардың, қаржы институттардың және инвестициялық қорлардың өкілдері, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік агробизнестің көптеген мамандары шақырылған.  

Форум аясында арнайы шақырылған RACS Quality Certificates Issuing Services (БАӘ) сертификаттау орталығының өкілі сөз алып, Халал сертификаттаудың тәртіптері туралы айтып береді.

  Шара ұйымдастырушылары форум барысында іскерлік байланыстарды нығайтып, оның тиімділігін арттыру, сондай-ақ өзекті мәселелерді шешу мақсатында келесідей байланыс құралдарын ұсынады: инвесторларға жобаларын ұсыну (Pitch-презентации), Public talk және networking форматындағы аудиториямен тікелей байланыс, тақырыптық бөлім, панельді пікірталас, мастер-кластар,  B2B, B2G кездесулері.

Форум аясында бірқатар маңызды құжаттарға қол койылады:

 «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ мен Еуропалық Инвестициялық банкі арасында келісімшарты, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ мен Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымымен және RACS (БАӘ) компаниясымен, «ҚазАгро» Холдингі мен Азия даму банкі арадағы ынтымақтастық жөніндегі меморандум.  

Бұдан өзге, Холдинг Қазақ-Венгер қорының жылыжай кешені жобасын іске асыру бойынша алғаш мәмілесін, сондай-ақ Da Vinci Capital компаниясымен тікелей инвестициялардың бірлескен қорын құру бойынша негізгі параметрлерін анықтау жөніндегі келісімді бекітуді жоспарлап отыр.   

 Аграрлық өнеркәсіптік инвестициялық форум «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасынның  және Atameken Business Channel  ақпараттық қолдауымен өтеді.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 617 раз
© 2013-2019 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"