«Жақсы кітап-жан азығы» десек те, рухани азық күзетшілерінің жағдайы осы уақытқа дейін біраз ұмтылғаны хақ. Алайда, аз жалақы мен қажетті көңіл бөлмінбесе де олар аянып қалған жоқ. Бұл саланың жас ұрпақ үшін аса маңызды екенін түсінді. Кітапханашылар бұл процестің қозғаушы күші. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында мәдениет саласының маңызды қызметкерлеріне тиісті қолдау көрсету қажеттігіне ерекше мән берді.
2020 жылдан бастап 600 мыңнан астам педагог пен дәрігердің, әлеуметтік сала қызметкерлерінің жағдайы жасалып, жалақысы өсті. Бірақ бюджеттен қаржыланатын өзге сала азаматтары мұндай қолдаудан тыс қалып қайғаны рас. Олардың ішіне кітапханашылар да бар. 2022 жылдан бастап 25 жылға дейін осы санаттағы азаматтық қызметкерлердің жалақысы жыл сайын орташа есеппен 20 процентке өсетін болады.
Мұндай бастама алдына көптеген мақсат, міндеттерді қойып отыр. Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау сала қызметкерлеріне біршама жігер беріп, саланың дамуына әсер етпек. Тұтастай алғанда, тағы 600 мың отандасымыз бұл көмектің игілігін көреді деп жоспарланып отыр.