Зерттеуші жастар арасында өткізілетін дәстүрлі «Aqmola Power — 2021» байқауы өз мәресіне жетті

Үш кезеңнен тұратын инновациялық жобалар сайысына қатысуға  88 адам ниет білдірген. Оның 44-і Көкшетауда өткен ақтық мәреде өз идеяларын қорғады.

«Aqmola Power» байқауы 14 пен 29 жас аралығындағы зерттеуші жастардың үздік идеяларын іріктеуге арналған. Жоба әлеуметтік мәселелерге ғылыми шешім ұсынған азаматтарды қаржылай қолдайды. 2014 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан сайысқа  Амангелді Оразов биыл 4-ші рет қатысып отыр. Бұл жолы ол жүкті әйелдерге қатысты мемлекеттік қызметтерді онлайн алу идеясын ұсынып отыр. 11 сынып оқушысы Елдар Нұртай Қазақстанда қоқысты қайта өңдеу саласының кенже қалғанына алаңдаулы. Ол бұл мәселені өзге елдер қалай шешкенін зерттепті.

Финалға шыққан  оқушылар да, студенттер де, еңбекке араласқан азаматтар да бір деңгейде сынға түсті. Үздік идея авторларын марапаттау желтоқсан айында салтанатты түрде өтпек.

Яндекс.Метрика