Главная страница » Зеренді ауданында дәстүрлі шахмат турнирі өтті

Зеренді ауданында дәстүрлі шахмат турнирі өтті

Зеренді ауданында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және еңбек ардагері Қайрат Бекеновті еске алуға арналған дәстүрлі шахмат турнирі өтті. Іс-шараға 2-9 сынып оқушылары қатысты.

Турнирге Зеренді ауданынан 17 және Көкшетау қаласынан 1 мектептің оқушылары қатысты. Жалпы, 105 шахматшы өзара сынға түсті.

Ойын қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубок, медаль, грамотамен марапатталып, демеушілер атынан түрлі сыйлықтарға ие болды.

Яндекс.Метрика