Зеренді ауданында дәстүрлі шахмат турнирі өтті

Зеренді ауданында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және еңбек ардагері Қайрат Бекеновті еске алуға арналған дәстүрлі шахмат турнирі өтті. Іс-шараға 2-9 сынып оқушылары қатысты.

Турнирге Зеренді ауданынан 17 және Көкшетау қаласынан 1 мектептің оқушылары қатысты. Жалпы, 105 шахматшы өзара сынға түсті.

Ойын қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубок, медаль, грамотамен марапатталып, демеушілер атынан түрлі сыйлықтарға ие болды.

Яндекс.Метрика