Домой Новости области Woosong унивеситетінде өтіп жатқан «Білім беруді тиімді басқару жүйесі: Оңтүстік Корея тәжірибесі»...

Woosong унивеситетінде өтіп жатқан «Білім беруді тиімді басқару жүйесі: Оңтүстік Корея тәжірибесі» халықаралық тағылымдамасына қатысу

1311
0

Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов Оңтүстік Кореяның Тэджон қаласындағы Woosong унивеситетінде өтіп жатқан «Білім беруді тиімді басқару жүйесі: Оңтүстік Корея тәжірибесі» халықаралық тағылымдамасына қатысуда.

Ақмола облысы делегациясының құрамында Woosong білім беру қорымен тығыз қарым-қатынас орнатқан Көкшетау қаласындағы Жоғары техникалық колледжінің директоры Ақнұр Еслямова және оның орынбасарлары бар.

Вусонг университетінің Президенті және 50 дамушы елдердегі ғылыми парктерді ұсынатын Дүниежүзілік технополистер қауымдастығының Бас хатшысы Деог-Сон О Қазақстанның ТжКБ саласындағы ынтымақтастық туралы кездесу өткізіп, оның ішінде Ақмола облысының студенттерін Вусонг университетінде оқыту бойынша әңгіме жүргізді.

Жалпы тағылымдама барысында Ақмола облысының студенттеріне SolBridge Халықаралық Бизнес Мектебінде, Woosong унивеситетінде сапалы білім беру мүмкіндігі, ТжКБ басшылары мен ұстаздарының біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламалары бойынша курстар ұйымдастыру т.б.  бойынша ұзақ мерзімді серіктестік орнатылатын болады.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму