Домой Новости области «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығында «Күзгі лагерь» өз жұмысын бастады

«Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығында «Күзгі лагерь» өз жұмысын бастады

579
0

Оқу жылының алғашқы тоқсаны аяқталды. Оқушылар күзгі демалысқа шықты. Балалардың уақытын тиімді пайдалану үшін «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығында «Күзгі лагерь» өз жұмысын бастады. «Soft Skils» зертханасына 6-15 жас аралығындағы 80-ге жуық оқушы қатысып жүр.

Орталықтың негізі қаланғанына  — биыл 20 жыл. Мұнда қазір 110 педагог еңбек етеді. Барлығы – 116 үйірме жұмыс істейді. Оқушылардың күзгі демалсын қызықты өткізуді мақсат тұтқан мамандар «Күзгі лагерь» жұмысын 1-7- қараша аралығында өткізеді.

Лагерьде барлығы 4 топ құрылды. Бағдарлама сан алуан. Бүгін спорттық шаралар ұйымдастырылды. Интеллектуалды тұрғыда да дамыту қарастырылған. Ол үшін түрлі білім жарыстары мен эстафеталар өтеді.

Осылайша, балалардың күзгі демалысы қызықты өтуде. Бұл тәрбиелік шаралар 7-ші қарашаға дейін жалғасады.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму