2021 жылы оқу мен қызметте оза шапқан оқушылар мен мұғалімдер марапатталды. Олардың арасында қалалық, облыстық байқаулардың жеңімпаздары бар.
Талантты жастар – ел болашағы. Облыстың бетке ұстар оқушыларына салтанатты түрде құрмет грамоталары, естелік сыйлықтар мен ақшалай сертификаттар табысталды. Олардың арасында Мөлдір Түлкібай да бар. Ол Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжінде «Информатика» мамандығы бойынша білім алуда. Айтуынша, мамандығын асқан жауапкершілікпен таңдаған.
Айта кету керек, облыс бойынша 30-дан астам оқушы мен студенттің еңбегі еленді.