Домой Новости Кокшетау Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Тәуелсіз елімнің бейнесі» атты арт-көрме өтіп...

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Тәуелсіз елімнің бейнесі» атты арт-көрме өтіп жатыр

1391
0

Іс-шара жас ұрпақтың бойындағы патриоттық сезімді қалыптастырып, отанға деген сүйіспеншілікті және қызығушылықтарын арттыратыны анық.

Іс-шараның  мақсаты-жас ұрпақтың бойындағы патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, отан тарихына деген қызығушылығын арттыру.  Сондай-ақ, жеткіншектердің өнерін насихаттау, қолдау көрсету.

Көрмеге Көкшетау балалар көркемсурет мектебі оқушыларының 7 еңбегі,  «Мұрагер» аулалық клубы тәрбиеленушілерінің 12 және Болашақ Сарайы жанындағы арнайы үйірменің жас қылқалам шеберлерінің 2 жұмысы қойылған. Сондай-ақ арт-көрменің орталық залында жоғары техникалық колледжі студенттерінің киізден құрап жасаған «Ұлы Жібек жолы» атты шығармашылық жұмысы орналастырылыпты. Жан-жағына матадан, бисерден, киізден жасалған туындылар да  қойылған.

Туындылар жанры жағынан бір-біріне ұқсамайды. Қылқалам шеберлерінің сурет салу техникалары да алуан түрлі. Балғын шеберлер Отан тарихын, батырларды,  еліміздің көрікті жерлерін портрет ретінде бейнелеген. Көрме 1 желтоқсанға дейін жалғасады.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму