15 қараша – Қазақстанда ұлттық валюта күні әрі қаржыгерлердің кәсіби мейрамы. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында өңір басшысы Ермек Маржықпаев сала үздіктерін марапаттады.
Теңге енгізілгеннен бері облыс бюджеті 1 миллиард теңгеден 400 миллиард теңгеге дейін өсті. Бұл өңір экономикасымен азаматтардың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік берді.
Гүлнар Ақбергенова қаржы ұйымында 30 жылдан бері жұмыс істейді. Бүгінгі марапат ол үшін алғашқы жетістік емес. Айтуынша, қаржы саласында үздік болу үшін әдептілік пен шыдамдылық қатар жүру керек.
Өңір басшысы қаржы құрылымдарының түрлі деңгейлі мамандарын марапаттады. Іс-шара облыстық филармонияның салтанатты концертімен аяқталды.