Тәуелсіздік жылдары Ақмола облысында құрылыс материалдарын өндіретін бірқатар кәсіпорын ашылды

Өзге аймақтарға да тасымалданатын өнімдер нарықта үлкен сұранысқа ие. Облыс бойынша құрылыс индустриясында  117 кәсіпорын өз қызметін жүзеге асырып отыр.  Оның 59 — ы металл емес минералды өнімдер, 30 — ы резеңке және пластмасса бұйымдарын шығарады. Ал 14 компания ағаш пен  тығын бұйымдарын, 12 – сі  жиһаз, 2-уі  электр жабдықтарын өндіреді.

Ақмолада құрылыс  саласында 2010 жылдан бері  жалпы көлемі 96 миллиард теңгеден асатын 54 инвестициялық жоба іске асырылды. Бұл-3 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны. Индустрияландыру бағдарламасы бойынша құны 80 миллиард теңгенң  23 жобасы іске қосылған. Ал биыл  жалпы сомасы 5,2 миллиард теңгеге 5 жоба басталды.  Нәтижесінде 110 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды.

Ақмолада өндірілетін құрылыс материалдарының үлесі төмендегідей:  21,7% — қап, 14,2% — керамикалық кірпіш, 12% — қиыршық тас, 5% — бетоннан жасалған бұйымдар, 4,5% — цемент, 4,3% — тауарлы бетон.

Яндекс.Метрика