Бұған дейін Көкшетау қаласының №11 мектеп-гимназиясының 1 «Г» сынып оқушылары жеңімпаз атанғанын хабарлаған едік.
Сынып жетекшісі Б.К.Хасенованы кәсіби мерекесімен құттықтаған көкшетаулық бүлдіршіндерге ертегілер жиынтығын Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары В. Гамазов табыс етті.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында Білім және ғылым министрлігі «Ұстазыңды құттықта» байқауын жариялаған болатын. Акцияға еліміздің түкпір-түкпірінен жүзден астам қазақстандық қатысты.